Балабақша туралы ақпарат
- Балабақша атауы: Астана қаласы әкімдігінің №48 «Ақ көгершін» балабақшасы Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны
- Мекен жайы: «№48 «Ақ көгершін» балабақшасы» Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданы, А.Жұбанов көшесі 2 және балабақшаға қарасты шағын орталық «Байқоңыр» ауданы, А.Жұбанов көшесі 10 А орналасқан.
Мекеменің меңгерушісі: Сабиева Улжан Абеновна. Жұмыс өтілі 35 жыл.
Аталған мекемедегі еңбек өтілі 9 жыл.
Әдіскер: Шомалова Бану Төкеновна . Жұмыс өтілі 20 жыл.
Аталған мекемедегі еңбек өтілі 9 жыл
Шағын орталықтың әдіскері: Қапарова Айда Жексенбайқызы. Жұмыс өтілі 6 жыл.
Аталған мекемедегі еңбек өтілі 6 жыл.
- Телефон: 8(7172) 37-33-34
- E-mail: akkogershin48@mail.ru
- Сайт:https://akkogershin48.astana-bilim.kz
- Балабақша инстаграмы: ak_kogershin48
- шағын орталықтың инстаграмы: akkogershin_minicenter48
МКҚК № 48 «Ақ көгершін» балбақшасы» типтік жоба бойынша 1976 жылы салынған ғимарат, 2010 жылы қайтадан жөндеуден өтіп балабақшаға берілген. Балабақшада мемлекеттік тілде 7 топ жұмыс атқарып, бүлдіршіндерді оқытып, тәрбиелеп жатыр.
Балалардың балабақшада болу ұзақтығы -10,5 сағат ( 7.30 дан 18.00 ге дейін)
Балабақшаның жобалық қуаттылығы -175
Елбасының мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту жөніндегі 2007 жылғы қарашадағы № 1039 «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету» жөніндегі бірінші кезекте «Балалардың толық және толық емес» күнге келетін мектепке дейінгі шағын орталық іс-әрекетін ұйымдастыру туралы үлгі ережесіне сәйкес 2011жылғы 25 сәуірде «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 02.07.2011.жылдың №557 бұйрығы бойынша Жұбанов көшесі, 10 «Кампус» тұрғын кешенінде № 48 «Ақ көгершін» балабақшаның құрылымдық бөлімшесі ретінде мектепке дейінгі шағын орталық ашылды.
Жобалық қуаттылығы: 160
Жұмыс тәртібі:
Екі ауысымда : 1-ші ауысым 8.30 дан 13.00 ге дейін, 2-ші ауысым: 14.00 ден-18.00 ге дейін 6 топ жұмыс атқарады.
Жалпы шағын орталықта 2 орыс, 4 топ мемлекеттік тілде жұмыс жүргізуде, оның үш топ мектепалды даярлық болса, үшеуі ересек топ.
Жұмыс аптасының ұзақтығы:
Мекеме аптасына 5 күн жұмыс жасайды.
Демалыс күндері сенбі, жексенбі.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарындағы білім беру деңгейіне қойылған талаптарына сәйкес аталған мекеме өзінің іс-әрекеттерінде келесі мақсаттарды іске асыруға бірнеше міндетін алға қойды.
-ұлттық педагогика негізінде баланың зияткерлік, тұлғалық және дене күшінің дамуын қамтамасыз ету;
-балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау;
- балаларды жалпы адами құндылыққа тарту.
-баланың толыққанды дамуы үшін отбасымен өзара әрекеттесу;
Ата-аналарға мектепке дейінгі қызметті таңдау мүмкіндігін ұсынатын балабақша бірыңғай кешенді білім беру амалымен қамтамасыз етіледі